07 қыркүйек 2018 14:06

Теңге бағамының ауытқуы бағаға айтарлықтай әсер етпейді - Сүлейменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге бағамының ауытқуы азық-түлік бағасына әсерін береді, бірақ жалпы нарық бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теңге бағамының ауытқуы азық-түлік бағасына әсерін береді, бірақ жалпы нарық бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағам мен инфляция арасында байланыстың бары сөзсіз, себебі біз өзіміздің өнімімізді ғана қолдана алмаймыз. Бірақ біз өзімізді 80 пайызға дейін асырап отырмыз деп айтқан күнде де, бұл барлығына жетпейді. Мысалы, Ресей маңындағы елдер тауарларды сол жақтан алады, Өзбекстанға жақын орналасқан аумақтар Өзбекстаннан сатып алды, сол сияқты", - деді Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

"Бағам инфляцияға үнемі әсер етіп отырады, азық-түлік бағасына да әсер етеді. Бірақ оның әсері айтарлықтай бола ма? Айтарлықтай әсері болмайды деп айтамын, себебі азық-түлік өнімдерінің 80 пайызы өзімізден келеді", - деді министр.

Оның айтуынша, теңге бағамы 10-20 пайызға өзгерген жағдайда тауарлардың бағасы да сонша пайызға қымбаттауы мүмкін емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети