11 шілде 2017 | 13:53

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын өсіруге жол бермеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баға белгілеу мәселелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандыру шаралары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты жағдай туралы баяндады.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баға белгілеу мәселелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандыру шаралары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты жағдай туралы баяндады.

"Жасалған меморандумдар аясындағы министрліктер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтынушылық бағалар индексінің өсу қарқынын қаңтар-наурыздағы 1,2 пайыздан сәуір мен мамыр айларында 0,6 пайыз және 0,9 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, маусымда тұтынушылық бағалар индексінің 1,9 пайызға дейін артқаны байқалуда", - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Өз кезегінде, ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тұрақтандыру қорларының жұмысы туралы баяндады. Әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша меморандумдар жасалды.

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдері Е. Қошанов, А. Көлгінов және Ә. Исекешев өңірлердегі жағдай туралы баяндама жасады.

Отырыс барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын тұрақтандыру үшін барлық мүмкіндіктер барын атап өтті. Өңірлерге тұрақтандыру қорларына жаңа түсім өнімдерін сатып алуға кірісу керек.

Отырыс мәселелерін қарауды қорытындылай келе, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

ҚР ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктеріне бағалар серпініне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірге басым түрде өңірлік базарларды азық-түлікпен молықтыру және сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети