04 наурыз 2015 | 11:30

Үкімет пен Ұлттық банк долларландыру деңгейін төмендету жоспарын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©newskaz.ru ©newskaz.ru

Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп Қазақстан экономикасын долларландыру деңгейін төмендету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспар Үкіметтің 2015 жылы 17 ақпанда өткен мәжілісінде және Ұлттық банк басқармасының 25 ақпандағы отырысында мақұлданды.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп Қазақстан экономикасын долларландыру деңгейін төмендету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоспар Үкіметтің 2015 жылы 17 ақпанда өткен мәжілісінде және Ұлттық банк басқармасының 25 ақпандағы отырысында мақұлданды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспар үш негізгі стратегиялық бағытты қамтиды: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және көлеңкелі айналымды қысқарту, ұлттық валютаның шетел валютасынан басымдығы.

"Бірінші бағыт бойынша жоспарда экономиканы әртараптандыру және өндірілетін тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі шаралар көзделген. Екінші бағыт бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту жөніндегі шаралар көзделіп отыр. Ал үшінші бағыт бойынша халықтың ұлттық валютадағы депозиттеріне кепілдік беру мөлшерін 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайту, халықтың шетел валютасындағы депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесін жылдық 3 пайызға дейін төмендету, банктерге өтімділік беру және банк секторын сауықтыру, бағаны шетел валютасында (оның ішінде шартты бірліктермен) көрсетуге тыйым салуды белгілеу көзделген", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметтеріне қарағанда, экономиканы долларландыру деңгейін төмендету - ұзақ жүргізілетін үдеріс, оны табысты іске асыру Үкімет пен Ұлттық банктің ғана емес, сол сияқты экономиканың барлық субъектілерінің өзара байланысты шаралар кешені мен бірлескен күш-жігерін пайдалана отырып, тұрақты әрі жоспарлы жұмысы кезінде ғана мүмкін болады.  

Еске сала кетейік, 2014 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы тиісті мәлімдемесі жарияланған болатын. Мәлімдемеде валюталық саясат казақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталатыны туралы айтылған. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейтіні көрсетілген. Сонымен бірге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынатыны айтылды және доллармен ашылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшері төмендейтіні айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети