Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үкімет пен Ұлттық банк айырбас пункттеріне қойылатын талаптарды арттырады

24 Желтоқсан 2014, 23:00
2
©REUTERS
©REUTERS

2015 жылы Қазақстанда теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейтін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы тиісті мәлімдемесі primeminister.kz сайтында жарияланды. 

"Валюталық саясат казақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейді. Валюта нарығында алыпсатарлықты шектеу бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылы Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қолма-қол шетелдік валюта нарығында айырбас пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізеді", - делінген мәлімдемеде.

Ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады: теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында "Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ның теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін салымшылар үшін кепілдікті сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылады және халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі.

Сонымен бірге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай