06 маусым 2022 15:20

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет базалық мөлшерлемені +/– 1,00 пайыздық тармақпен 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұл шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің теңгерімін, сондай-ақ, Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары ескеріле отырып қабылданған.

"Базалық мөлшерлеменің бұл деңгейі күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляция процестерінің баяулауына қарай қалпына келеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылдың басында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені үш рет көтерген еді. 24 қаңтарда 9,75 пайыздан 10,25 пайызға дейін, 24 ақпанда жылдық 13,5 пайызға дейін, 25 сәуірде 14 пайызға дейін көтерді.

Базалық мөлшерлеме - Ұлттық банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы. Сарапшылардың айтуынша, базалық мөлшерлеме қаржы жүйесіндегі ақша құнын анықтайды. Бұл несие құны мен депозит құнына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда кредит құны базалық мөлшерлемеден, оған қоса банк пайдасынан, қарыз алушыға байланысты тәуекелдерден құралады. Осылайша, базалық мөлшерлеменің өсуі несие мен депозиттер бойынша пайыз өскенін білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети