28 қыркүйек 2023 09:58

Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреу себептерін атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының құлдырау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының құлдырау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаһандық инвесторлармен кездесу барысында Тимур Сүлейменов соңғы екі аптада теңгенің әлсіреу себептері туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл тенденция бірнеше фактор жиынтығына байланысты қалыптасқан:

  • АҚШ долларының жаһандық нығаюы (дамыған елдердің валюталар қоржынына қатысты АҚШ долларының индексі қыркүйекте 2,5 пайызға өсті),
  • импорттаушылардың маусымдық сұранысының артуы,
  • базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданды,
  • квазимемлекеттік сектор үшін валюталық түсімдерді міндетті түрде сату бойынша міндеттемелерді жою.

Мұның бәрі қысқа мерзімді әлсіреуге ықпал етті, дегенмен Сүлейменовтің пікірінше, іргелі факторлар тұрғысынан мұнай бағасының көтерілуі және төлем балансының жалпы жағдайы теңгені тұрақтандырушы әсерге ие болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети