04 қараша 2015 | 16:50

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бағамға қатысты пікір білдіруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Қожахметов. © Тengrinews.kz Қуат Қожахметов. © Тengrinews.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов бағам жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 286,26 теңгеге жетті.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов бағам жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 286,26 теңгеге жетті.

Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте басталды және журналистердің қатысуынсыз өтті. Отырыс аяқталғаннан кейін журналистер Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовке сұрақ қоюға тырысты.

Tengrinews.kz тілшісінің қазіргі бағамға қатысты пікір білдіру туралы өтінішіне ол: "Жоқ, комментарий жоқ" деп жауап берді.

Ал "Қазір бағамға не болып жатыр?" деген сұраққа ол: "Бұған комментарий нақты жоқ. Жаңа төраға шығады, комментарий болады" деп жауап берді.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің жаңа төрағасы Данияр Ақышев комментарийді қашан береді деген сұраққа, Қожахметов "Кейінірек" деп жауап қатты.

Төрағаның орынбасары банк қадағалуы мәселелеріне жетекшілік етенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін, 5 қарашада халықаралық "Астана" қаржы орталығын құру бойынша заңнама төңірегінде комментарий беруге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Мәжілісте бұл заң жобасын Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов таныстырған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қожахметов қазақстандықтардың доллар бағамына айрықша назар аударуының себебін түсінбейтінін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети