Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк төрағасының орынбасары: Қазақстандықтарға доллар бағамының не қажеті бар?

23 Қыркүйек 2015, 14:53
6

ҚР Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов Парламенттің үзілісі кезінде қазақстандықтардың доллар бағамына айрықша назар аударуының себебін түсінбейтінін айтты. Сонымен қатар, ол Tengrinews.kz тілшісіне қаржы реттегішінің таяудағы интервенцияларды өткізуінің пайдасы жайлы айтып берді.

Қожахметов Парламент Мәжілісінің отырысында баяндама оқығаннан кейін БАҚ өкілдерімен кездесуі керек болған. Алайда Ұлттық банктің төрағасының орынбасары тілшілер қауымымен сөйлесуге асықпады. Бұдан кейін оған тілшілердің өзі барып, сұрақ қойды.  

Нақтырақ айтсақ, Тengrinews.kz тілшісі Қожахметовтан теңгенің еркін ауытқу бағамына өткенінен кейін миллиардтаған долларды шығындап, валюталық интервенция өткізудің мақсаттылығын сұрады. 

"Интервенцияға келер болсақ - бұл сомалар жария болып жүр. Оны өткен аптада өткізудің қандай қандай пайдасы болды? Біріншіден, Ұлттық банктің пікірінше, бұл спекулятив мәнге ие болды. Бағам жөнсіз көтеріліп кетті, мұнда Ұлттық банк бұл мәселені ретке келтірді. Спекуляция болуы мүмкін болған соң Ұлттық банк араласты", - деп түсіндірді ол.

Алайда Қожахметов интервенцияның қанша мерзімге жалғасатыны және оған жұмсалатын қаражатты атамады. "Мұны мен сіздерге айта алмаймын. Қазір теңге бағамын қолдап отырмыз. Барлығы да спекулятив болжамдар мен нарықтағы көңіл-күйге байланысты. Доллар 300-ге жеткенде араластық. Қазір 260-тан сәл асып тұр. (...) Девальвацияны барлық ел жасады, оның ішінде дамыған елдер де бар", - деп түсіндірді Қожахметов кетуге оқталып.

Тілшілер Ұлттық банк өкілін көлігіне дейін жүгіре шығарып салды, алайда Қожахметов жол бойы қойылған сұрақтарға жауап бермеуді жөн деп тапты, ол тек қысқа-қысқа ғана жауаппен құтылды.

"Біз әрдайым банктермен кездесіп, нарықтағы жағдайды талқылаймыз, спекулятив мәнге ие болып тұрғанда да сөйттік. (...) Адамдарға бағамның не қажеті бар? (...) Түзету енгіздік, оның ішінде отандық тауарөндірушілерді қолдау да бар. (...) Қазір бағам өзгерді, олар осында сата алады, бәсекелес бола түсті. (...) Қазір бағам түсті, сұраныс бар, ұсыныс та бар. Өткен аптада біз спекулятив жағдай болған соң араластық. (...) Көптеген фактор есепке алынады", - деді ол.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте қазақстандық банктерде теңге бағамы 300 теңгеден асқан еді. Сол күні Ұлттық банк интервенция өткізді, оның көлемі 144 миллион доллар болды. Ал ҰБ өткізген интервенциялардың құны 694, 7 миллион теңгеден асты. 2015 жылдың 23 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясында доллар 264,12 теңгеге тең болды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай