KASE күндізгі сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы 334,89 теңгеге дейін нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңғы сауданың қорытыныдысы 335,09 теңгемен аяқталған еді.
KASE күндізгі сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы 334,89 теңгеге дейін нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңғы сауданың қорытыныдысы 335,09 теңгемен аяқталған еді.
29 қыркүйектегі бірінші келісімдер 335,05 теңгемен басталды. Максималды баға 335,4-ті құрады. Минималдық баға 334,71 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 77,05 миллион долларды құрады. Kurs.kz мәліметі бойынша доллар бағамы 334-336 теңгені құраған. Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен 15.41-де барреліне 48,4 доллар болды.
Осыған дейін, таяуда ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді деген болатын. "Теңгенің басқа валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі сыртқы ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, бұл белгіленген бағам кезінде орын алған теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды", - деді Ұлттық Банк басшысы. Сонымен қатар, Данияр Ақышев айырбастау бағамының еркін өзгеруі отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ететіні және тауарлардың, сол сияқты көрсетілетін қызметтердің импорт алмасуын ынталандыратынын атап өтті. ҚР Ұлттық банк басшысының болжамы бойынша, бұл жағдайдың елдің төлем балансындағы ахуалды біртіндеп реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев теңгенің еркін бағамы саясаты елдің алтын валюта резервтерін сақтап қана қоймай, оларды біртіндеп қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік бергенін ерекше атап өтті. Ресми деректер бойынша, Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері тамыздың соңында 30,7 миллиард доллар болды. "Жыл басынан бастап 2,8 миллард долларға өсу байқалды. Ал ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 миллард долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,5 миллиард долларға жеткен (жыл басында 91,4 миллиард доллар). 2016 жылы ҚР-да долларсызданудың белсенді процесі басталды. Біз 2016 жылы долларсызданудың белсенді процесі басталғанын көріп отырмыз. Жыл басынан бері теңгемен салынған депозиттер 49 пайызға немесе 2,4 триллион теңгеге өсті, ал шетел валютасымен депозиттері 4,5 пайызға немесе 500 миллиард теңгеге қысқарды", - деді Ақышев.