28 қыркүйек 2016 12:39

Валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2016 жылы ішкі валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. 


2016 жылы ішкі валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. 

"Теңгенің басқа валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі сыртқы ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, бұл белгіленген бағам кезінде орын алған теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды", - деді Ұлттық Банк басшысы. Сонымен қатар, Данияр Ақышев айырбастау бағамының еркін өзгеруі отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ететіні және тауарлардың, сол сияқты көрсетілетін қызметтердің импорт алмасуын ынталандыратынын атап өтті. ҚР Ұлттық банк басшысының болжамы бойынша, бұл жағдайдың елдің төлем балансындағы ахуалды біртіндеп реттеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев теңгенің еркін бағамы саясаты елдің алтын валюта резервтерін сақтап қана қоймай, оларды біртіндеп қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік бергенін ерекше атап өтті. Ресми деректер бойынша, Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері тамыздың соңында 30,7 миллиард доллар болды. "Жыл басынан бастап 2,8 миллард долларға өсу байқалды. Ал ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 миллард долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,5 миллиард долларға жеткен (жыл басында 91,4 миллиард доллар). 2016 жылы ҚР-да долларсызданудың белсенді процесі басталды. Біз 2016 жылы долларсызданудың белсенді процесі басталғанын көріп отырмыз. Жыл басынан бері теңгемен салынған депозиттер 49 пайызға немесе 2,4 триллион теңгеге өсті, ал шетел валютасымен депозиттері 4,5 пайызға немесе 500 миллиард теңгеге қысқарды", - деді Ақышев.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банк басшысы теңгенің қазіргі еркін өзгеруі жағдайында айырбастау бағамының әлсіреу, сол сияқты нығаю мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. "Сондықтан біз кәсіпорындарға және халыққа барлық жинақтарын шетел валютасында сақтамауға, оларды әртараптандыруға бірнеше рет кеңес бердік. Бұдан басқа, қазіргі кезде халық үшін теңгемен депозиттер бойынша мөлшерлемелер шетел валютасымен депозиттер бойынша мөлшерлемелерге қарағанда 7 есе тиімдірек. Тамыздың қорытындысы бойынша экономикаға кредиттер 2015 жылғы желтоқсан деңгейінде қалды", - дед Данияр Ақышев.

Мұнымен қоса ол кредиттік портфельдің жекелеген секторларда: өңдеуші өнеркәсіпте 85,7 миллиард теңгеге, ауылшаруашылығында 80,0 миллиард теңгеге, құрылыста 31,4 миллиард теңгеге өсуі байқалғанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандыру және халық үшін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай қарыздар бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігіне талаптар төмендетілді.

"Цифрлар бұл шаралардың белгілі бір әсері болғанын көрсетіп отыр. Мәселен, 2016 жылғы 8 айда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 728 миллиард теңгеге немесе 35 пайызға ұлғайды. Инфляция және инфляциялық күтулер төмендеген кезде теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлемелер де төмендеуге тиіс, бұл банктердің кредиттік белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандыру болады", - деп
қорытындылады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети