10 мамыр 2017 11:21

Ұлттық валюта мереке күндерінен кейін әлсірей түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 318,42 теңгеге тең болды. Еске салайық, 5 мамырда доллар бағамы 318,38 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,35 теңгемен өтті. Максималдық құны 318,48 теңге болды, ал минималдық құны - 318,15 теңге. Сауданың жалпы көлемі 59,85 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 318,2-319, 3 аралығында.

Мұнай бағасы 10 мамырда Астана уақытымен 10.45-те сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 56,3 доллар болды.

Еске салайық, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 50 долларға төмендеуі фонында Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар қымбаттады. Kurs.kz мәліметінше, айырбастау пункттерінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316-318,5 аралығында болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети