Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 331,6 теңгеге дейін нығайды

07 Қазан 2016, 11:33
1
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 331,6 теңгеге дейін нығайды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қазандағы таңғы саудасында долларына 331,6 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, жақында сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 332,69 теңгеге тең еді.

Максималдық құны 331,90 теңгеге жетті, минималдық құны - 331,35 теңге. Сауда көлемі 40,35 миллион долларға тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 11.06 жағдайында ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 52,51 доллар болды.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің 12,5 пайызға төмендегені хабарланған болатын. Cондай-ақ, Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуалдың қалыпқа келгенін айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай