Ықпалды бизнесмендер шетелде Қазақстанды жарнамалайтын болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанға инвестиция тарту үшін бизнесмендер мен танымал тұлғалар елімізді шетелге жарнамалайтын болады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға инвестиция тарту үшін бизнесмендер мен танымал тұлғалар елімізді шетелге жарнамалайтын болады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз (KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің - Авт.) шетелдік өкілдіктер желісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылдан бастап, бұл жұмысқа шетелдік мамандар тартылатын болады. Екіншіден, біз құрметті инвестициялық эдвайзерлер институтын құрғалы отырмыз, ол ықпалды бизнесмендер мен танымал тұлғалардан тұратын шамамен 30-40 адам", - деді Сағадиев.

Оның айтуынша, бұлардың көбі шетелдіктер болмақ, олар Қазақстанды насихаттайтын, жарнамалайтын болады. "Бұл - ақы төленбейтін құрметті позиция. Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибе көп, біз оны зерттедік. Жалпы алғанда, бұл келешек жұмыс үшін қызықты мәселе", - деді ол. Журналистердің сауалына жауап берген Сағадиев шетелде бір өкілдіктікті ұстап тұруға айына 25 мың евро кететінін айтты.

"Бұл сомаға бөлмені жалға алу, екі адамға жалақы төлеу, олардың жүріп-тұруы, әкімшілік шығындарды жабу кіреді. Біз Еуропада бір өкілдік, АҚШ-та бір өкілдік, Ұлыбританияда бір өкілдік ашқалы отырмыз, төртінші өкілдік бойынша біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз, ол не Кореяда, не Қытайда, Сингапурда немесе Жапонияда болады", - деді Сағадиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer