24 шілде 2020 11:53

Зейнетақы жинағындағы қорытынды сомада неге алшақтық бар? БЖЗҚ жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы жинағының қорытынды сомасындағы алшақтық себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы жинағының қорытынды сомасындағы алшақтық себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-ға "Электрондық үкімет" веб-порталы (egov.kz) арқылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары қаражаттарының түсімі мен қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметі аясында қалыптастырған құжат пен БЖЗҚ-дан немесе egov.kz веб-порталы арқылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (инвестициялық табыс есебімен) ақпарат" мемлекеттік қызметі аясында алынған жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы жинағының қорытынды сомасындағы алшақтық себебін түсіндіріп беру туралы өтініш жасау жағдайлары көбейіп кетті. Осы құжаттардың табиғатын талдап көрейік", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.       

Ақпарат бойынша, салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы бойынша үзінді көшірмеде жұмыс берушілер аударған зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтер есептелген инвестициялық табыс туралы деректі көрсетпей беріледі.

Өз кезегінде, БЖЗҚ беретін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтермен қоса есептелген инвестициялық табыс туралы да ақпарат көрсетіледі.    

Бұл ретте салымшының ақша қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы үзінді көшірменің "Жинақтаудың бүкіл кезеңі үшін жиынтығы" бағанында сұранысты қалыптастырған күнге дейін жұмыс берушілер аударған барлық зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдардың (бар болған жағдайда) жиынтық сомасы көрсетіледі.    

"Осылайша, екі үзінді көшірмені алып, олардың нәтижелерін салыстыра отырып, салымшылар (алушылар) инвестициялық кірістен құралған айырмашылықты көреді. Бұл ретте салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы жүйесінде, оның ішінде БЖЗҚ-да болған барлық уақыты үшін есептелген инвестициялық табысы көрсетіледі. Сонымен қатар, егер бұл үзінді көшірмелерде аударымдардың түрлі кезеңдері қамтылған болса, онда бұл айырмашылық екі үзінді көшірмеге де кірмей қалған кезеңде түскен аударымдар есебінен өседі және (немесе) азаяды", - деп түсіндірді БЖЗҚ өкілі.  

Осылайша БЖЗҚ өз салымшыларын барлық зейнетақы жинағы өз жеке зейнетақы шоттарында толық көлемде сақталып тұрғанына сендірді. Жинақтағы шотты жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау арқылы тексеруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети