25 қараша 2014 15:21

Дубай зергерлері ең ұзын алтын алқамен Гиннесс рекордын орнатпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Дубайда зергерлер 22 карат алтын алқамен Гиннестің рекордын орнатуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Gulfnews.com. Зергерлер әшекейдің ұзындығын бес шақырым, ал салмағын 180 келіге жеткізбекші. Жобаға қатысу үшін қаланың негізгі төрт зергерлік фирмасы мен әшекей өндіретін ірі компаниясынан тұратын бірлестік құрылды.

Гиннесс рекордын орнатуға арналып жасалып жатқан алқаны зергерлер "Дубай мерекелік шынжыры" деп атады. Оны 70 маман жасап жатыр. Алқа желтоқсан айының соңында дайын болады. Ол 2015 жылдың 1 қаңтары мен 1 ақпаны арасында осымен жиырмасыншы рет өткелі отырған шоппинг-фестивальдің аясында жасалып жатыр. Guinness World Records ұйымының мамандары Гиннестің рекордын орнатуға жасалып жатқан алқаны өлшеген соң, ол бірнеше күнге жұрт назарына қойылады. 

Айта кетейік, алқаны көрсетілімге қою үшін ұзындығы 200 метрге жететін арнайы дисплей жасалып жатыр. Жоба авторлары жасалып жатқан алқаны бөлшектеп сатуға қойған. Оны сатып алғысы келген адам алдын ала төлемін жасауы қажет. Алқаның бөлшегі тапсырыс берушілерге 10 қаңтарға дейін жеткізіп беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети