11 сәуір 2014 | 17:15

Әблязовтың экстрадициясын тоқтатуға ұйымдастырудағы қателік себеп

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұхтар Әблязов ©Нұрғиса Елеубеков Мұхтар Әблязов ©Нұрғиса Елеубеков

БТА банкінің өкілдері Франция сотының Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануын тоқтатуы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

БТА банкінің өкілдері Франция сотының Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануын тоқтатуы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Франция Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, экстрадициялау туралы шешімнен бас тартылуының негізгі және жалғыз себебі - соттың ұйымдастыру қызметіндегі қателігі, ресми хаттамада Әблязовтың қолы қойылмаған, бұл қателік сот құрамындағы елеусіз өзгерістердің нәтижесінде экстрадициялау туралы сұрау салуды қайтадан кері қайтаруға себеп болды. Ұйымдастырудағы қателіктің мәжбүрлі нәтижесі экстрадициялау туралы шешімді тоқтату болды, бірақ ол бұрын Экс-ан-Прованстың апелляциялық соты шығарған шешімдердің себептері мен мәніне ешқалай қарсы болмайды және әсер етпейді", - деп мәлімдеді Францияда банктің мүддесін қорғаушы заңгер-кеңесші Антони Леви.

БТА банкі өкілінің пікірінше, жаңа сот бірнеше апта ішінде өз шешімін жария етуі мүмкін. "Сот төрелігінен тағы да қашып кетпеуі үшін Әблязов тұтқында бола береді. Банк Әблязовтың сот алдында, ең болмағанда, банкке қарсы жасаған кейбір ірі қылмыстары бойынша жауап беруі үшін бар күшін салады", - делінген таратылған хабарламада. 

Еске салайық, 9 сәуір күні Франция сотының Әблязовтың Ресейге немесе Украинаға экстрадициялануы туралы шешімді тоқтатқаны хабарланған еді. Бұл мәселе енді Лиондағы сотта тағы қаралады. Франция соты Ресей мен Украинаның оны экстрадициялау туралы қатынас хатын қаңтар айының басында қанағаттандырған болатын. Әсіресе, Ресейге басымдық берілді. 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer