11 сәуір 2014 | 23:00

Отағасына әйелі мен балаларын өлтірді деп жала жабылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қайтыс болған отбасы. ©Тengrinews.kz Қайтыс болған отбасы. ©Тengrinews.kz

Аяғы ауыр әйелі мен өгей балаларын отағасының өзі қасақана өлтірді деген айып әдейі тағылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Орын алған қылмыстық оқиғаға қатысты кезекті болжамды 11 сәуірде өткен брифингте Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Аяғы ауыр әйелі мен өгей балаларын отағасының өзі қасақана өлтірді деген айып әдейі тағылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Орын алған қылмыстық оқиғаға қатысты кезекті болжамды 11 сәуірде өткен брифингте Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев мәлімдеді. 

"Бұл қылмыстың өте ауыр түріне жатады. Себебі онда аяғы ауыр әйел мен оның балаларын да өлтірген. Қазіргі таңда осы қылмысты ашудың сан түрлі жолдары қарастырылуда. Бұл оқиғаға басқа біреулердің де қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі, асылып өлген отағасының денесінде де пышақ жарақаты болған", - деді Қуат Артықбаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда оқиға орнынан табылған хатты сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. "Біз қылмыстық оқиғаның анық-қанығына көз жеткізбей бар кінәні асылып өлген отағасының мойнына арта салмаймыз. Қылмыстың орын алуына не себеп болғанын тергеу амалдары анықтай жатар. Жауап алынған көршілері мен туыстарының айтуынша, бұл отбасының табысы орташа, ел қатарлы өмір сүрген. Алайда әйелдің бірінші күйеуден жолы бола қоймапты. Себебі, оның алғашқы күйеуі ішімдікке әуес болған екен. Ал әйел екінші рет Омск облысынан көшіп келген азаматқа тұрмысқа шыққан. Екінші күйеуі әйелдің балаларын туғанындай асыраған. Ол күні шындығында не болғанын біз анықтайтын боламыз және көпшілікті тергеу қорытындыларымен жүйелі түрде таныстырып отырамыз. Қалай болғанда да бұл қылмыстың анық-қанығын анықтаймыз", - деді Артықбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаза болған отбасы тұрған үйден өлім алдындағы хат табылған. Анықталған ақпарат бойынша, мәтінде әлдебіреу оларды кешіруін және қарыздарын қайтаруын сұрайды. Бұл жерде әңгіме қаза болған отбасының дүкендегі қарызы туралы болып отырған жоқ. Өлім алдындағы хатты кім және қашан жазған, оны сарапшылар анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, Павлодар ауылындағы жеке үйлердің бірінде ер адам мен әйелдің, сондай-ақ екі баланың денесі табылған болатын. Қаза болғандарды 6 сәуір күні отбасы жалға алған үйдің иесі тапқан. Полицияның мәліметінше, бес жасар ұл мен алты жасар қыздың пышақталған денесі кереуеттің үстінен табылған. Сонымен бірге балалардың 35 жастағы анасы да пышақ жарақатынан қайтыс болған.

Қаза болғандардың достарының айтуынша, бұл әйелдің екінші некесі, ал балалары - бірінші некеден туған. Әйел мен екі баланың өліміне қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer