Қызылордада сарбаздардың жаппай улануы бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада сарбаздардың жаппай улануы бойынша қылмыстық іс қозғалды Сарбаздар асханасы. Фото Tengrinews.kz

Қызылордада сарбаздардың жаппай уланып қалу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада сарбаздардың жаппай уланып қалу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 сәуірде Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы адамдардың жаппай науқастану дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 381-бабы бірінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. (Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе - екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыға қамауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады - ҚР ҚК 381-бабы 1-бөлімі).

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 сәуірде Қызылордада орналасқан, ҚР ІІМ Ішкі әскери комитетіне қарасты №5547 әскери бөлімінің медициналық пунктіне жедел әрекет ету қызметінің 22 әскери қызметкері хал-ахуалдарының нашарлап кетуіне байланысты шағымданып келген.  Дәл сол күні олар "Өткір энтероколит" диагнозымен инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

14-15 сәуірде осыған ұқсас ауру белгілерімен дәл осы әскери бөлімнен 29 әскери қызметкер инфекциялық ауруханаға түскен.

Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының алдын ала берген мәліметі бойынша, инфекцияның негізгі көзі судан болуы мүмкін. Бұл ретте қалалық су торабы әскери бөлімге де келеді екен. Алайда 7 сәуірде әскери бөлімнің аумағында орналасқан су құбыры жарылғаны анықталған. Осы себептен су беру уақытша тоқтатылған. Тек келесі күні ғана су қайта берілген.

Микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде, суда көптеген ішек инфекциясын туындататын бактериялар табылған.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети