Рудныйда жоғалған қыздың анасы мәскеулік көріпкелдердің көмегіне жүгінбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда жоғалған қыздың анасы мәскеулік көріпкелдердің көмегіне жүгінбек Виктория Ганя. Қостанай облысы ІІД ұсынған фото

Рудныйда жоғалып кеткен жеті жасар Виктория Ганяның анасы қызды іздестіру жұмысына Мәскеудің көріпкелдерін жұмылдырмақшы екен. Бұл туралы қыздың анасы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазыпты, - деп хабарлайды  "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда жоғалып кеткен жеті жасар Виктория Ганяның анасы қызды іздестіру жұмысына Мәскеудің көріпкелдерін жұмылдырмақшы екен. Бұл туралы қыздың анасы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазыпты, - деп хабарлайды  "Астана" телеарнасы.

Еске сала кетелік, бірінші сынып оқушысы 24 сәуірде күндіз жоғалып кеткен. Вика құрбысымен бірге шіркеу маңындағы көпір жаққа қарай ойнауға шығыпты. Ал осы арада, құрбысының айтуынша, оларға бір еркек жақындап келген. Балалардың шаян аулап жүрсіз бе деген қалжыңына жауап берген ер адам үлкен шаяндар қай жерді мекен ететіндігін көрсете алатындығын айтқан. Вика келісе кетіпті.

Бейтаныс адам оқушыны белгісіз бағытқа қарай алып кетіп, содан бері Вика табылмай жатыр. Шамамен Рудный қаласынан бір шақырым жерде тас жолдың сол жағында, яғни Лисаковскіге апаратын жолда қыздың үйінен шыққанда басына байлап шыққан орамалы табылған. Орамал жергілікті қарт тұрғын бейтаныс бір еркектің күрткеге оралған қызды осы арадан көтеріп алып кетіп бара жатқанын көрдім деп айтқанынан кейінгі іздестіру жұмыстары барысында табылған. Зейнеткер көрсеткен жерден қыз баланың орамалы табылып, оны анасы таныған.

Құрбысының айтуымен әлгі бейтаныс еркектің фотороботы жасалған. Ол 30-35 жас шамасындағы ер адам, түр-сықпыты еуропалыққа келеді, үстіне қара күртке және көк джинсый киген. Полицейлер мен еріктілер Викторияны Рудный мен оған жапсарлас жатқан аумақтардан осымен жетінші күн іздестіруде. Полиция қыздың қайда екенін нақты айтқандарға 1 миллион теңге сыйақы беруге уәде етіп отыр.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети