21 мамыр 2014 | 19:26

Павлодарда жасөспірімдердің жаппай төбелесі үшін сегіз мектептің директоры жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото fespress.ru сайтынан алынды Фото fespress.ru сайтынан алынды

Жасөспірімдер арасындағы қарулы қақтығыстың жай-жапсары бүгін кәмелетке толмағандардың ісі бойынша өткен облыстық комиссияның отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, төбелеске қатысқан 24 жасөспірімнің барлығы есепке алынған. Бұдан бөлек, тәртіптік негізде бірден сегіз оқу мекемесінің директоры жазаға тартылған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жасөспірімдер арасындағы қарулы қақтығыстың жай-жапсары бүгін кәмелетке толмағандардың ісі бойынша өткен облыстық комиссияның отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, төбелеске қатысқан 24 жасөспірімнің барлығы есепке алынған. Бұдан бөлек, тәртіптік негізде бірден сегіз оқу мекемесінің директоры жазаға тартылған.

Павлодар облыстық білім басқармасының бастығы Бақыт Бексейітовтың айтуынша, төбелеске қатысушылар арасындағы дау-жанжал сәуір айында басталған. Кейін 9 мамыр күні саябақ аумағында екі оқушы арасында ерегіс болған. Оның арты 11 мамыр күнгі 24 жасөспірім қатысқан жаппай төбелеске алып келген.

Павлодар қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы төбелес шыршаның бүршігі салдарынан орын алған. "Бір оқушы шырша бүршігін екіншіге лақтырған, ол соған қорланып, жауап қайтарған. Дау осыдан туындаған", - деп түсіндірді білім бөліміндегілер. Осы ретте кәмелетке толмағандар ісі бойынша облыстық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков бұған жәй балалар тентектігі деп қарауға болмайтынын айтты.

"Бұл төбелеске 24 жасөспірім қатысқан, оның 19-ы мектеп оқушысы болса, қалғаны колледж студенттері. Әрине, бұл сорақы жағдай алдымен ерегістен туындаған, бірақ 11 мамыр күні біздің балалар тек сөйлесу үшін ғана жиналған жоқ, олар суық қарумен, бейсбол таяғымен келген. Тіпті бір жасөспірімде жарақаттағыш қару болған. Демек балалар о баста бір-бірінің денесін жаралау үшін дайындалып келіп, ұйымдасқан топтық төбелес болған. Бұл тек ата-ананың ғана кінәсі емес, педагогтердің де, мектеп инспекторларының да бақылауды босаңсытып алуынан болып отыр", - деді Ғ.Сәдібеков.

Еске сала кетейік, жастардың топтық төбелесі Короленко-Урицкой көшелерінің қиылысындағы қала мектептерінің бірінің қасында болған. Жаппай төбелестің кесірінен бес жасөспірім ауруханаға түскен. Анықталған мәлімет бойынша, жасөспірімдердің бірі жарақаттағыш қарудан жараланған. Қазіргі таңда дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі ауруханадан шығарылған. Бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer