07 маусым 2014 | 15:46

Тележүргізуші Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқаратын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жанар Бекбанова. Сурет nv.kz сайтынан алынды. Жанар Бекбанова. Сурет nv.kz сайтынан алынды.

Тележүргізуші Жанар Бекбанова Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқаратын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тележүргізуші Жанар Бекбанова Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқаратын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл қызметке Бекбанованың тағайындалғаны 7 маусымда белгілі болған. Қарағандылықтар бұл азаматшаны облыстық әкімдіктің баспасөз қызметін басқарған кезінен бастап жақсы таниды. Жанар Бекбанова осы облыстың экс-басшысы Нұрлан Нығматулиннің тұсында облыстың баспасөз хатшысы болды және "Қазақстан-Қарғанды" телеарнасының жаңалықтарын жүргізді. 

Жанар Бекбанованың жасы 39-да. Жоғары білімді. 1996 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін, сонымен қатар Қазақстан Тұтынушылар Одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Бекбанованың мамандығы филолог және заңгер.  

"Новый вестник" басылымының жазуынша ол облыстық телекомпанияда 10 жыл қызмет етті. Жұмысын қарапайым тілшіліктен бастап, кейіннен жаңалықтар жүргізушісі және редакторы болды. Жанар Бекбанова Нұрлан Нығматуллин әкімдікке келген кезде, яғни, 2006-2009 жылдар аралығында облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі лауазымын атқарды. Мұнан кейін ол "Нұр-Отан" партиясы жетекшісінің бірінші орынбасарының кеңесшісі және аталмыш Партияның орталық аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек етті.  

Жанар Бекбановаға дейін әкімнің орынбасары қызметін Бейсембай Жұмабеков атқарған еді. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған. Ол бұл қызметті атқарғанда әлеуметтік мәселелерге жауап беріп, ішкі саясатты реттеумен шұғылданды. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғалу мен халықты еңбекпен қамту мәселелері саласына да жауапты болды.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer