09 шілде 2014 | 19:47

ӘЧ-2014: Аргентина - Голландия кездесуін қайдан тамашалауға болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Бразилия жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жартылай финалдық кездесуі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Бразилия жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жартылай финалдық кездесуі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңінің екінші  жолдамасына Голландия мен Аргентина құрамалары таласады. Астана уақытымен 02.00-де басталатын бұл кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арнасы тікелей таратады.

Бұл кездесудегі жеңімпаз команда 13 шілдедегі финалда Германияға қарсы ойнайды. Немістер өз кезегінде бірінші жартылай финалда турнир қожайындары Бразилия құрамасын 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңген болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Бұған дейін Қазақстанның букмекерлер мен тотализаторлар қауымдастығы ҚР ойыншыларының бәстері туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып, турнирдің басты фавориті Бразилия екенін хабарлаған болатын. Одан кейінгі орындарда Аргентина, Германия мен Франция тұр. Ал "Олимп" сайтындағы дауыс берудің нәтижесіне қарағанда, ӘЧ-2014 жеңімпазы Германия болуы мүмкін. Неміс құрамасының жеңісіне сауалнамаға жауап берушілердің 35,2%-ы сеніп отыр. Одан кейінгі орындарды Нидерланды (23,6%), Бразилия (20,4%) және Аргентина (12,9%) иеленіпті.

Еске салайық, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer