10 шілде 2014 | 13:26

Челах түрмеде денсаулығының нашарлағанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Youtube.com ©Youtube.com

Өмір бойы жаза өтеуге сотталған Владислав Челах түрмеде денсаулығының нашарлағанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz оның анасы Светлана Ващенко хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өмір бойы жаза өтеуге сотталған Владислав Челах түрмеде денсаулығының нашарлағанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz оның анасы Светлана Ващенко хабарлады.

27 маусым күні Челах анасымен кездескен. Кездесу үш сағатқа созылды. "Негізінен, ол жағдайымызды сұрады. Өзі туралы аз әңгімеледі. Қатты жүдеген, аппақ. Бүйректерінің қатты ауырып жүргенін айтты", - дейді Ващенко. Оның сөзіне қарағанда, дәрігерлер Челахтың денсаулығын тексеріп, бүйректерінде құм бар екенін анықтаған, бірақ ешқандай ем белгілемеген.

Ващенко бұл жайтты назардан тыс қалдырғысы келмейді, ұлының денсаулығы нашарлағанын айтып, үкіметке шағым түсірмек. Ал кездесуден соң ол ұлына хаттардың дұрыс жеткізілмейтінін айтып, прокуратураға өтініш жолдаған. "Хаттарды оған әдейі жеткізбейтін сияқты. Достарынан хат ала алмайды, біздің хаттарымыздың өзі сирек барады. Одан да хаттар келмейді, осы уақытқа дейін тек екеуі ғана жетті. Ал ол хатты жиі жазамын деп отыр. Не мақсатпен бұлай жасалып жатқаны түсініксіз", - дейді Ващенко.

Ващенконың айтуынша, Челах одан адвокат Сәрсеновтің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жазған шағымын әкеліп беруді сұраған. Құжаттардың бәрі дайын, жуық арада олар БҰҰ-ға жөнелтіледі. Айта кетейік, бұл - сотталғанның соңғы мүмкіндігі, дегенмен халықаралық ұйымның шешімі тек кеңес берумен шектелетіні белгілі. Адвокат Сәрсенов сот "Арқанкерген" бекетіндегі шекарашылар мен орманшының өліміне қатысты істі қайта қарайды деп үміттенеді. Бұл оқиға 2012 жылдың мамыр айында болған еді, ал Челахқа сол жылдың желтоқсанында үкім шығарылды.

Еске сала кетейік, шекарашы Владислав Челах Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жаза өтеп жатыр. Жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары бұл мекемеде сотталғандарға жұмыс істеп, ақша табуға жағдай жасалғанын айтты. Сот Челахты марқұм болған шекарашылардың отбасына 25 млн теңге төлеуге міндеттеген болатын. Бірақ, Ващенконың айтуынша, оның ұлы өзін кінәлі деп есептемейтіндіктен, колонияда жұмыс істеуге ниет танытып отырған жоқ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer