27 наурыз 2014 12:20

Владислав Челахтың адвокаты БҰҰ-ға хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәрсенов. ©Дмитрий Хегай Серік Сәрсенов. ©Дмитрий Хегай

Сотталған шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов БҰҰ-ға хат жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құжат Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроға дайындауға берілді.


Сотталған шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов БҰҰ-ға хат жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құжат Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроға дайындауға берілді.

"Мен мейрамның алдында БҰҰ-ға шағым жазып бітірдім. Бұл хат Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюромен бірге жазылды. Олар аяқтаған бойда хатты БҰҰ-ға жібереді", - деді Сәрсенов. Адам құқықтары жөніндегі бюроның заңгері Светлана Хижниченко қазір адвокат хатының оқылып жатқанын айтты, бұл хат бойынша сарапшылар ұсыныстар беруі мүмкін. Хижниченконың айтуынша, құжат БҰҰ-ға келесі аптада жолданады.

Еске салайық, Челахтың адвокаты өзінің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне арнаған шағымын "Арқанкерген" заставасындағы кісі өлімі туралы істің құжаттары мен ҚР Жоғарғы сотының соған қатысты шешіміне қосуға ниеттенген болатын. Сәрсенов БҰҰ комитеті Қазақстанда Азаматтық құқықтар туралы халықаралық пакттың орындалуы бұзылғанын мойындайды және бұл жайт оның қорғауындағы азаматтың үкіміне әсер етеді деп үміттенеді. Мұның алдында адвокат Жоғарғы сотқа үкімді өзгерту туралы өтініш жазған болатын. Бірақ қадағалаушы сот алқасы Челахқа қатысты үкімді күшінде қалдырды. Челах "Арқанкерген" заставасында 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтіргені үшін 2012 жылдың желтоқсан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. 



Подробнее:https://tengrinews.kz/crime/advokat-chelaha-napisal-pismo-v-oon-252558/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети