23 шілде 2014 | 13:18

Чемпион Сәрсекбаев пәтер дауында да бапкерінен жеңілмейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері. ©Youtube.com Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері. ©Youtube.com

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың өз ағайыны, әрі бапкері Кәрім Махмудовқа сыйлаған пәтеріне қатысты дау одан әрі шиеленісе түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың өз ағайыны, әрі бапкері Кәрім Махмудовқа сыйлаған пәтеріне қатысты дау одан әрі шиеленісе түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәрім Махмудовтың айтуынша, 1 шілдеде Астана қалалық сотының кассациялық алқасы Сарыарқа аудандық сотының және апелляциялық алқаның Махмудовтан пәтер сатып алған Ерболан Сағынбаевты жылжымайтын мүлік иесі деп таныған шешімінің күшін жойды. Бұл пәтерді Бақыт Сәрсекбаев өзінің бапкері Махмудовқа сыйға тартқан болатын. Алқа алдыңғы екі инстанция шешімінің күшін толық жойып қана қоймай, Сәрсекбаевтың Махмудовқа пәтер сыйлағаны туралы келісімшартты және Махмудов пен Сағынбаев арасындағы сату-сатып алу келісімшартын да жарамсыз деп таныды.

"Екі соттың шешімін, бес жыл бұрынғы, яғни ескіру мерзімі өткен сыйға тарту келісімшартын бұзды. Қандай негізде бұлай жасағанын білмеймін. Енді біз Жоғарғы сотқа шағымданатын боламыз. Бұл заңсыз, алдымен сыйға тартады, кейін есім шығып жүрді дейді, пәтерде тұрып, ақысын төлегенін айтады. Алқа қалай бәрін дұрыс шешкен екі соттың шешімін жоққа шығарады?! Біріншіден, бес жыл өтіп кеткен болатын", - дейді Махмудов.

Бақыт Сәрсекбаевтың өзі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. Еске сала кетейік, ақпан айының ортасында Tengrinews.kz соттың дауды Ерболан Сағынбаевтың пайдасына шешіп, спортшыдан пәтерді босатуды талап ететін қаулы шығарғанын хабарлаған еді. Бірақ Махмудовтың айтуынша, Сәрсекбаевты ешкім пәтерден шығармаған.

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданың чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев пәтерді бапкері, әрі туысқаны Кәрім Махмудовқа Лондон Олимпиадасына дайындау үшін бергенін мәлімдеді. Боксшының айтуынша, Махмудов өз уәдесін орындамаған, ол аздай, пәтерді басқа біреуге сатып жіберген. Сәрсекбаев сату-сатып алу келісімшартын жарамсыз деп тану жөнінде сотқа шағымданды. Сотта боксшының бапкеріне пәтер сыйлап жатқаны түсірілген бейнежазба көрсетілді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer