"Ақтөбе" мен "Стяуа" тең түсті - Чемпиондар лигасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" мен "Стяуа" тең түсті - Чемпиондар лигасы "Ақтөбе" ФК логотипі.

Футболдан Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" командасы мен румыниялық "Стяуа" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" командасы мен румыниялық "Стяуа" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтөбенің Қобыланды батыр атындағы стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. "Стяуа" футболшылары 44-минутта алға шықты. "Ақтөбе" қақпашысының қателігін "Стяуа" шабуылшысы Клаудиу Кесеру пайдаланып кетті. "Ақтөбеліктер" бірінші таймда белсенді ойнағанымен гол сала алмады.

58-минутта бұрыштама доптан кейінгі ойынның арқасында есеп теңесті. Маркос Пиззеллидің пасын Валерий Коробкин сәтті пайдаланды. 79-минутта Андрей Препелицэ "Стяуаның" тағы да алға шығуына жағдай жасады. Бұдан кейін "Ақтөбе" ойыншысы Роберт Арзуманян есепті қайта теңестірді.

Бұл екі команда арасындағы қарымта ойын 6 тамыз күні Бухарестегі “Стяуа" стадионында Астана уақыты бойынша 23.30-да болады. Оны KazSport арнасы тікелей көрсетеді.

Еске сала кетейік, "Ақтөбе" мұның алдында Тбилисидің "Динамосын" екі кездесудің нәтижесі бойынша 4:0 есебімен жеңген болатын. Ал "Стяуа" бұған дейін норвегиялық "Стремсгодсетті" жалпы 3:0 есебімен ұтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +32
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +34
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +34
П
Павлодар +33
Петропавл +33
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +36
Түркістан +20
О
Орал +30
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер