23 шілде 2014 23:42

Чемпиондар лигасы: "Ақтөбе" Тбилисидің "Динамосын" тас-талқан қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" ФК ойыншысы Алексей Антонов. Фото uefa.com сайтынан "Ақтөбе" ФК ойыншысы Алексей Антонов. Фото uefa.com сайтынан

"Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысынан сүрінбей өтіп, Тбилисидің әйгілі "Динамосын" өз алаңында 3:0 есебімен тас-талқан қылды, - деп сүйінші сұрайды "Алаш айнасы".


"Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысынан сүрінбей өтіп, Тбилисидің әйгілі "Динамосын" өз алаңында 3:0 есебімен тас-талқан қылды, - деп сүйінші сұрайды "Алаш айнасы".

Өткен маусымдағы Қазақстан чемпионы УЕФА Чемпиондары лигасының екінші електік сатысындағы қарымта кездесуін өз алаңында, яғни Ақтөбеде өткізген.

"Жығылған күреске тоймайды" дегендей, өз алаңында 0:1 есебімен ұтылып қалған Грузия чемпионы "есемізді қайтарамыз, Ақтөбеде жеңеміз" деп кіжінді.

Бірінші таймда Грузиядан келген қонақтарымыз алға қарай лап қойып, гол соғуға тырысты. Бірақ оған "Ақтөбе" көне қойсын ба?! Сауатты түрде қорғанып, қонақтардың аптықтарын басты.

Шабуылдары мандымаған Грузия футболшылары ашуға булығып, қит етсе, жұдырықтарын ала жүгіруге көшті. "Ақтөбенің" бұған да жауабы дайын еді. Үш гол соғып, ашу-ызадан жарыла жаздаған тбилисиліктерді сабаларына түсірді...

Бірінші голды Алексей Антонов соқты. Марат Хайруллиннің тамаша пасын асқан шеберлікпен қақпа бұрышына тоғытты.
Екінші гол мүлде қызық соғылды. Тбилисліктердің қақпшысы һәм капитаны асығып допты алға асырмақ болғанда, тепкен добы Игорь Зеньковичке тиіп, қақпа ішінде тулады.

Ал үшінші голды өзіміздің қазақтың жігіттері соқты деуге болады. Асхат Тағыберген алға тепкен допты Марат Хайруллин Абат Айымбетовтың аяғына салып берді. Ал Абат оны қақпаға дәл теуіп, үшінші голдың авторы атанды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети