22 қазан 2014 | 15:42

Ольга Рыпакова Азиададағы жеңісі үшін алған автокөлікті сыйға тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YK-news.kz ©YK-news.kz

Жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі сыйға тартқан ВКО Skoda Rapid автокөлігін өз атындағы жеңіл атлетика кешеніне сыйлады, - деп хабарлайды YK-news.kz. Айта кетейік, автокөлік кілтін оған өкір басшысы Бердібек Сапарбаев Инчхонда өткен Азиадада жеңіп алған алтын медаль үшін берілді.

Ольга Рыпаковамен бірге ХVІІІ Азия ойындарының өзге де жеңімпаздары мен олардың бапкерлері марапатталған болатын. Жүлдегерлер мен бапкерлер 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін сыйақы алды.

Айта кетейік, Инчхондағы Азиада Қазақстан құрамасы тарихындағы ең сәтті ойындар болды: спортшылар 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медальмен жалпы командалық есепте 4-орын алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл еліміздің жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд. "Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар", - делінген құттықтауда. Айта кетейік, спортшылар жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды. Бірінші орынды 149 алтын медалімен Қытай алды, екінші орында корейлер (77), ал үшінші орында - жапондар (46).

Қазақстанға 20-шы алтын медальді Ольга Рыпакова әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысында алды. Ол 14,32 метр қашықтыққа секіріп, қарсыластарынан басым түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети