Атырауда алаяқ жалға берілген пәтерлерді сатып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда алаяқ жалға берілген пәтерлерді сатып жіберген Фото rieltor-ask.ru

Атырау облыстық  Ішкі істер дептартаменті, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адамдарды 20 млн теңгеге дейін алдап соққан алаяқты ұстады,- деп хабарлайды "Ак Жайык" басылымы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасай отырып.

35 жастағы жергілікті тұрғын Атыраудан бірнеше элиталық санаттағы пәтерлерді жалға алған. Артынша ол "пәтерлер несиесін уақытында қайтара алмай банктерге қарыз болған адамдардан тәркіленіп алынды" деп жарнамалар бере бастаған. Ал пәтерлерді сатып алу үшін көруге келген адамдарға алаяқ Тұрғын үйдің құжаттары Алматыдағы бас кеңседе екенін айтып, пәтерлер аукцион бойынша сатылымға түскенде бірінші болып сатып алу үшін алдын-ала кепілақша тастауды ұсынған.

Бұған келіскен сатып алушылар алаяққа үлкен сомада ақша берген. Қылмыстық оқиға барасында күдікті тұрғындардан 20 млн теңге алып үлгерген. Ал полицейлер ақшаны қайда жібергенін сұрағанда ол - мұнша қаржыны букмекерлік ойындарға салғанын айтты.
Қазір күдікті қамалып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды.
 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети