Фантаст жазушы Абдулхамит Мархабаев дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фантаст жазушы Абдулхамит Мархабаев дүниеден озды Абдулхамит Мархабаев. ©turkystan.kz

Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абдулхамит Мархабаев 76 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның шәкірті Жұмаш Кенебайға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абдулхамит Мархабаев 76 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның шәкірті Жұмаш Кенебайға сілтеме жасап. 

Кенебай парақшасында марқұммен қоштасу ертең, 17 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бас ғимаратында сағат 10.00-де өтетінін жазды.

Абдулхамит Мархабаев 1938 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы Ауан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. "Білім және еңбек" журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967-1976), "Білім және еңбек" журналының бас редакторы, "Жаңа фильм" журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981-1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985-1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте болды.

Ол филология ғылымдарының докторы, журналистика факультетінің доценті, профессоры. 1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. "Ғарыштағы қымыз" атты тұңғыш жинағын 1972 жылы шығарды. Жазушының кейінгі "Арал әуендері" (1980), "Балалардың аман қалғанын айт!" (1997), "Аспанға құлады да кетті" (1997), "Жарылқаушы..." (1998), "Тосын ғарышхат" (1998), "Шортан планетасы, сен кінәлісің! (2008), "Қызық қиял" (2008) және тағы басқа ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары "Қызыл сәуле" (1962), "Байқоңыр шоқ жұлдызы" (1979), "Оттас" (1981), "Жерұйыққа саяхат" (1984), "Отанымыздың тәуелсіздігін тарту" (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармалары орыс тілінде "Молодая гвардия" баспасының жыл сайын "Фантастика" жинағы, украин тілінде "Молодь" баспасы, молдован тілінде "Литература артистикэ" баспасы басып шығарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети