Қазақ-өзбек шекарасында 10 келі пиротехника тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ-өзбек шекарасында 10 келі пиротехника тәркіленді ©news.tut.by

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында контрабандалық жолмен келген 10 келі пиротехника тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында контрабандалық жолмен келген 10 келі пиротехника тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Ынтымақ" заставасының шекара наряды салмағы 10 келідей болатын бенгал шырақтары мен петард жарылғыштарын әкетіп бара жатқандарды ұстады. Бағыттары көршілес Өзбекстан Республикасы болып шықты. Шекарашылардың тоқтау туралы талабына құлақ асып, аялдағанымен кенеттен заттарын тастай қашты. Көршілес елдің аумағына өтіп, бой тасалады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта көрші ел шекарашыларының көмегімен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Алматыда фейерверктер мен шартылдақтарды базарда сатуға ресми түрде тыйым салынғаны хабарланған еді. Себебі өткен Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехниканы дұрыс қолданбағандықтан жүзден астам өрт болған. Сапасыз фейерверктер мен шартылдақтардан 50 адам жарақат алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети