Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр қуатының ақысын төлеуге жеңілдіктер берілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-на сілтеме жасап.

"Жеңістің 70 жылдығына арнап "АлматыЭнергоСбыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Ардагер - Мәңгі Даңқ!" акциясын дайындап жатыр. Акция аясында Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері электр қуатын төлеу ақысында жеңілдіктер алатын болады. Яғни, 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін соғыс ардагерлері ай сайын 70 кВт электр қуатынан босатылады. Осы уақыт аралығында ардагерлер белгіленген көлемнің үстінен қолданылған электр қуатына ғана төлейді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында тыл ардагерлеріне 59 460 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілетіні хабарланған еді. Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылорда облысының 7 мыңға жуық тыл ардагері жергілікті бюджеттен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек алады. Бұл төлем Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда жұмыс істеген азаматтарға беріледі.