10 сәуір 2015 | 19:10

Ауа райы: демалыс күндері жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© liveinternet.ru © liveinternet.ru

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 11-13 сәуір аралығында елімізде күн жылы болады. Батыс, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлеріне түсетін жауын-шашынға қарамастан, ауа температурасы көпжылдық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады деген болжам бар. 

"Тек солтүстік аумақта жексенбі күні оңтүстік-шығыс ауа ағысы, солтүстік-батыс ағысқа алмасады. Оның әсерінен Еуропалық Ресей өңірінен ауа массалары келеді. Сондықтан дүйсенбі күні ол жерлерде жаңбырдың аяғы қарға ұласуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің оңтүстігінде ауа температурасының 22 градусқа дейін көтерілетіні хабарланған болатын. Синоптиктер сәуірдің 9-11 аралығында жылуы мен ылғалы мол Қаратеңіздік циклон Батыс Сібірге қарай ығысады деп болжады. Осыған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік және орталық аумақтарына жауын-шашын, көбінесе жаңбыр әкелетіні ескертілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети