Астанадағы №2 балалар ауруханасының 26 медициналық қызметкері мекеменің дәмханасында уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы №2 балалар ауруханасының 26 медициналық қызметкері мекеменің дәмханасында уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалалық №2 балалар ауруханасының зардап шеккен мединициналық қызметкерлері 9 сәуірден бастап түсе бастады, науқастар емес, өздерінің жағдайларын мекеме жұмысшыларына арналған буфеттен ас ішумен байланыстырған медициналық қызметкерлер. Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 26-ға жетті, олардың 21-і ауруханада жатыр. Алдын ала қойылған диагноз - сальмонеллез. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады Астана қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің орынбасары Федор Пеев.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, мамандар кеше күні бойы тексеріс жұмыстарын жүргізді, зертханалық сараптама үшін өнімдер алынып, ас әзірленетін жер мен мекеменің барлық қызметкері тексеруден өтті. "Ас әзірленетін жердің қызметін ескертулер орындалмайынша тоқтату туралы қаулы шығардым. Біз оларға профилактикалық шаралар жүргізу туралы қаулыны бердік", - деді Пеев.
Пеевтің айтуынша, жаппай улану дерегі туралы прокуратураға хабарланды. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сотқа талап арыз дайындап жатыр.
Еске сала кетейік, биыл наурыз айының соңында Астана мейрамханаларының бірінде жаппай улану болды. Ол кезде астан улану белгілерімен 30-дан аса адам ауруханаға түсті. Улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 6 сәуірде Астанадағы "Старомодный" мейрамханасындағы жаппай уланудың себептері анықталды. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес, мекеменің аспазы мен екі даяшысынан және жартылай фабрикатталған дайын тағамдардың қалдығынан Salmonella enteritidis табылды. Шикі азық-түлікте ішек таяқшаларының бар екені анықталды. Сонымен қатар, "Старомодный" мейрамханасының тағы бір қызметкерінен автоматты түрде қауіп төндіретін шартты-патогендік микрофлора анықталды.