31 наурыз 2015 12:57

Астанада келушілері уланып қалған мейрамхананың үстінен қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©24.kz ©24.kz

Астанада келушілері уланып қалған мейрамхананың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада келушілері уланып қалған мейрамхананың үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 28-31 наурыз аралығында Астанадағы медициналық мекемеге "сальмонеллез" алдын ала диагнозымен 22 адам жатқызылған. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігіне ("Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан бұзу") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада мейрамханаға барған 19 адамның ауруханаға түскені хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде Астанадағы "Старомодный" мейрамханасына барғаннан кейін бірнеше адамның уланып, ауруханаға түскені туралы ақпарат пайда болды. Астаналық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіндегілер асқынған гастроэнтероколитпен ауруханаға түскен адамдардың өз жағдайларын сол мекемемен байланыстырып отырғанын растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети