2017 жылдың қазан айында үлкен астероид Жерге келіп соғылуы мүмкін, - деп хабарлайды Timeskz.kz басылымы. Бұл туралы Техас университетіның астроном-ғалымы Джудит Рис TheMirror басылымына айтып берген. Оның айтуынша, астероид Жер шарына үлкен залал әкелуі мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, 2012 ТС4 алып астероидтың ұзындығы шамамен 40 метр. Оның Жердің бетімен соқтығысуы үлкен қирандылар туғызады. Қазіргі уақытта астероид жерден 95 мың шақырым қашықтықта. Дегенмен, оның ғаламшарымызға соғылу мүмкіндігі миллионның біріндей ғана.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жерге қарай 20 метрлік астероид жақындап келеді деп хабарлаған едік. Ғалымдар бұл астероид орбитасы мен Жердің орбитасы арасындағы қашықтық 40 мың шақырымды құрайтынын айтты.