05 қыркүйек 2014 13:09

Жерге қарай 20 метрлік астероид жақындап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото naukas.com сайтынан алынды Фото naukas.com сайтынан алынды

Жерге қарай 20 метрлік астероид жақындап келеді, оның жермен арақашықтығы 40 мың шақырымды құрайды, алайда ол ғаламшарға қауіп туғызбайды, - деп хабарлайды РИА Новости NASA ғарыш агенттігіне сілтеме жасап. 


Жерге қарай 20 метрлік астероид жақындап келеді, оның жермен арақашықтығы 40 мың шақырымды құрайды, алайда ол ғаламшарға қауіп туғызбайды, - деп хабарлайды РИА Новости NASA ғарыш агенттігіне сілтеме жасап. 

Мамандардың есебінше, астероид 2014 RC Астана уақытымен сағат 00:18-де Жаңа Зеландия аймағына жақындайды. Ғалымдар бұл астероид орбитасы мен Жердің орбитасы арасындағы қашықтық 40 мың шақырымды құрайтынын айтып отыр.

Астероид жерге қаншалықты жақындап келе жатса да, ол тұрғындарға және коммуникациялық спутниктердің жұмысына қауіп туғызбайды. Астероидтың жердің қасынан өтіп бара жатқанын тұрғындар телескоптың көмегімен көруіне болады екен. 

Астероид 2014 RC алғаш рет 31 тамызда американдық ғалымдардың байқауымен Аризон штатында табылған болатын. Кейін ол туралы мағлұматтар Массачусетс штатында орналасқан Кэмбридж жас ғаламшарлар орталығына жіберілген. NASA агенттігінің хабарлауынша, астероидтың жүру қозғалысы оның болашақта жерге тағы да жақындауы мүмкін екендігін аңғартады. Бірақ оның өзінде де ол ғаламшарға қауіп төндірмейтін көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети