16 сәуір 2015 | 11:21

Ауа райы: 16-18 сәуір аралығында еліміздің барлық аймағында жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.mail.ru ©news.mail.ru

16-18 сәуір аралығында Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


16-18 сәуір аралығында Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстан территориясында жылжып жатқан циклондармен және олармен байланысты атмосфералық фронттармен алдағы үш тәулікте күн бұлтты және жауын-шашынды болады", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, еліміздің барлық аймағында жаңбыр жауады, ал солтүстікте, орталықта және шығыста алдағы түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы шамамен және климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады, ал солтүстік бөлігінде нормадан 1-2 градусқа төмен болады деп күтіледі.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанға Иран аудандарынан келген жылу демалыс күндері оңтүстік және шығыс облыстарында климаттық нормадан 10-15 градусқа жоғары температуралық аномалия тудырғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети