Қазақстан мен Түркия президенттері "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Түркия президенттері "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді, сондай-ақ Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ортағасырлық бірегей сәулеткерлік ескерткіш болып саналады. Кешеннің 465 гектар аумағында 6 музей бар, соның біреуі ашық аспан астында орналасқан. Музей қорында 13 800 жәдігерлік, ал ғылыми кітапханада 5 мыңнан аса кітап жинақталған.
Еске сала кетейік, Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоған кеше, 16 сәуірде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Екі елдің басшысы кездесіп, қазақ-түрік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту, өзара іс-қимылдарды байланыстардың кең ауқымында дамыту мәселелерін талқылады.