Бостондағы марафон кезіндегі жарылыстан қаза болған 8 жастағы баланың ата-анасы Царнаевты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости. Олар айыпталушыны өлім жазасына кесуді қолдамайды. Айта кетейік, Царнаевқа 30 пункт бойынша айып тағылды.

Жаза кесу шарасы екі аптаға созылады деп күтіліп отыр. Істің қалай аяқталатыны белгісіз. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша Бостон тұрғындарының көбі Джахар Царнаевқа қатысты өлім жазасын құптамайды.
"Біз Әділет Министрлігінен бұл істі тезірек жабуын сұраймыз. Өлім жазасына кесуден бас тартып, апелляцияға беру мен босату мүмкіндігінсіз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесуді қолдаймыз", - деді қаза болған баланың ата-анасы Билла және Дениз Ричардтар.
Олардың айтуынша, Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу бір жылға дейін апелляцияға берумен өтеді. "Айыпталушы газет беттері мен теледидар экранынан кеткен кезде ғана біз жаңа өмір бастай аламыз", - деді олар.
Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасы Тамерланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан үш адам қайтыс болған еді, тағы 260 адам жарақат алды. Ал Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Олардың 17-сі бойынша өлім жазасы қарастырылған.