Қазақстандағы түнгі клубында жанжал шықты. Видеоны Атыраудағы мекемеге келген қонақтардың бірі ұялы телефонына түсіріп, YouTube ресурсына жүктеген.
Қазақстандағы түнгі клубында жанжал шықты. Видеоны Атыраудағы мекемеге келген қонақтардың бірі ұялы телефонына түсіріп, YouTube ресурсына жүктеген.
Видеода түнгі клубқа келген қонақтың жанжал шығарғаны көрінеді. Жігіт стриптиз билеп жатып, алдында отырған қызға келіп, шалбарын шешеді. Қыздың қасында отырған жігіт дереу сахнаға шығып, бишіге жұдырық ала жүгіреді. Күзетшілер тобы ер жігітті дереу тоқтатып үлгереді. Көрініс тоқтап қалады. Пікір айтқандардың мәліметінше, қыз жігіттің досы немесе қарындасы болуы мүмкін. Айта кетейік, 17 сәуірде Желіге жүктелген видео 20 мың рет көрілген.
Еске салайық, осыған дейін мұндай жағдай Теміртау қаласында болған еді. Бірақ онда келушілер мен күзетшілер арасында шыққан жанжалдан бір адам қаза болған. Оқиға 5 сәуірге қараған түні болды. Полицейлердің мәліметінше, жанжал кезінде травмат қаруы қолданылған. Нәтижесінде ғимараттың күзетшісі мен келуші жарақат алды. Түнгі клубқа келуші "жедел жәрдем" көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды.