22 сәуір 2015 | 11:04

Қазақстан ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастырмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастырмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ брифингінде бұл мәселенің талқыланбайтындығын айтты.


Қазақстан ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастырмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ брифингінде бұл мәселенің талқыланбайтындығын айтты.

"Қазір ақпарат кеңістігіндегі ең маңызды тақырыптардың бірі - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен қаржылық-валюталық ынтымақтастық құруы. Айта кету керек, Қазақстан ЕАЭО аясындағы ұлттық бірыңғай валюта енгізуде анық және жүйелі орын алады. Біз бұл сұрақты талқыламаймыз. ЕАЭО келісім-шартында бірыңғай ұлттық валюта енгізу қарастырылмаған және ондай жұмыс істелмейді", - деді Жақсылықов.

"Сонымен қатар, ЕЭАО аясында 2025 жылға дейін біз қаржы нарығын тұрақтандыру аясындағы заңнаманы үйлестіруді жүзеге асырамыз. Бұл жерде бірыңғай ұлттық валюта құру мен оның келешегі туралы айтылмайды", -  деді ол.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин валюта одағын қалыптастыратын кез жетті деген пікірін білдірген болатын. Ол "Серіктестерімізбен монетарлық саясатта үйлестіруді жалғастыруға шарттастық", - деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерінің Ақордадағы үшжақты кездесуін қорытындылау барасында айтты. "Иық тіресе жұмыс істей отырып, сыртқы қаржылық факторлар мен экономикалық қауіптерге әрекет ету, бірлескен нарықты қорғау оңайырақ", - деді Ресей президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети