Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалдамалы той көлігі жүргізушісін өлтірген қылмыскерге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рүстам Нұрбековты өлтірді деп танылған Дмитрий Бабенко 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалдамалы той көлігі жүргізушісін өлтірген қылмыскерге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рүстам Нұрбековты өлтірді деп танылған Дмитрий Бабенко 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, қылмысты жасырды деген айыппен Сергей Чайкаға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Еске сала кетейік, айыпталушы өткен жылы қазан айында әлеуметтік желі арқылы Toyota Land Cruiser-200 маркалы автокөлігін серуендерге, қала сыртына шығуға, үйлену тойларында қызмет көрсетуге және тағы да басқа қызметтер үшін жүргізушісімен жалға берілетіні жайында жарнаманы тауып алады. Ол хабарландыру иесіне хабарласып, 25 мың теңгеге Мәртөк ауданының Родниковка ауылына таныстарына барып келуге келіседі. Олар 2014 жылы 28 қазанда сағат 19.30 шамасында Ақтөбеде кездесіп, бірден жолға шығады. Айыпталушы өзінің құрған жоспарына сәйкес көліктің жүргізушісіне баратын жері туралы жалған ақпарат бергенін және олар бара жатқан адамдардың Мәртөк ауданы Жамбыл ауылында екенін айтып, Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бірнеше жеріне пышақ салды. Соққылардан қорғанған жүргізуші автокөлікті жүргізіп келе жатып, өзіне тап берген азаматқа соққы берді, соның салдарынан айыпталған азамат автокөліктен секіріп шығады, ал жүргізуші автокөлікті есінен танғанша жүргізіп, 200 метрдей қашықтықтан кейін жолдың бойына тоқтап, қатты қансырап көз жұмды.
Айыпталушы автокөлікті қасақана ұрлап, шамамен сағат 21.45-те Родниковка ауылына қарай бет алған, сөйтіп өзінің танысына қоңырау шалып, ауыл арасындағы жолдан күтіп алуын өтінген. Содан соң екеуі ұрланған көлікті далада қалдырып кеткен. Рүстам Нұрбековтың туыстары кесілген жазаға қанағаттанды. Қаза тапқан ер адамның артында әйелі мен үш кішкентай қызы қалды.