Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақтөбе тұрғыны той кортежі жүргізушісін өлтірді

16 Наурыз 2015, 13:41
1
Тengrinews.kz иллюстрациясы
Тengrinews.kz иллюстрациясы

Ақтөбе облысында жалдамалы жүргізушіні оған тапсырыс берген адам өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі "з" тармағы ("Қасақана кісі өлтіру") бойынша айыпталушыға қатысты және ҚР Қылмыстық кодексінің 363-бабы бойынша қылмысты жасырушыға қатысты қозғалған қылмыстық іс түсті.

Айыпталушы өткен жылы қазан айында әлеуметтік желі арқылы Toyota Land Cruiser-200 маркалы автокөлігін серуендерге, қала сыртына шығуға, үйлену тойларында қызмет көрсетуге және тағы да басқа қызметтер үшін жүргізушісімен жалға берілетіні жайында жарнаманы тауып алады. Ол хабарландыру иесіне хабарласып 25 мың теңгеге Мәртөк ауданының Родниковка ауылына таныстарына барып келуге келіседі.

Олар 2014 жылы 28 қазанда сағат 19.30 шамасында Ақтөбеде кездесіп, бірден жолға шығады. Айыпталушы өзінің құрған жоспарына сәйкес көліктің жүргізушісіне баратын жері туралы жалған ақпарат бергенін және олар бара жатқан адамдардың Мәртөк ауданы Жамбыл ауылында екенін айтып, Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бірнеше жеріне пышақ салды.

Соққылардан қорғанған жүргізуші автокөлікті жүргізіп келе жатып, өзіне тап берген азаматқа соққы берді, соның салдарынан айыпталған азамат автокөліктен секіріп шығады, ал жүргізуші автокөлікті есінен танғанша жүргізіп, 200 метрдей қашықтықтан кейін жолдың бойына тоқтап, қатты қансырап көз жұмды.

Айыпталушы автокөлікті қасақана ұрлап, шамамен сағат 21.45-те Родниковка ауылына қарай бет алған, сөйтіп өзінің танысына қоңырау шалып, ауыл арасындағы жолдан күтіп алуын өтінген. Содан соң екеуі ұрланған көлікті далада қалдырып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай