27 сәуір 2015 | 14:26

Қазақстандағы президент сайлауы барысында заңбұзушылық болған жоқ - Бас прокуратура

viewings icon 166

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда президент сайлауы тыныш жағдайда, өрескел заң бұзушылықсыз өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети 0

Қазақстанда президент сайлауы тыныш жағдайда, өрескел заң бұзушылықсыз өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген қадағалау іс-шараларымен сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Сайлау науқанында прокуратура органдарына сайлаумен байланысты небәрі 4 өтініш түсті, олардың 3-уі заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпарат немесе шағымдарды қамтымаған. 

"Екі өтініште заңдардың нормаларын түсіндіру сұранысы мазмұндалған, үшіншісінде Президенттікке кандидаттарға заңнамамен қойылған кейбір талаптармен келіспейтіні айтылған. Бұл 3 өтініш құзыреті бойынша Орталық сайлау комиссиясына мәні бойынша қарау үшін жолданды", - делінген хабарламада.

Мысалы, сайлау күні Семей қаласының прокуратурасына бір отбасы жұбының арызы келіп түсті, онда олар тұрғылықты жері бойынша учаскенің сайлаушылар тізімінде болмауына шағымданған. Дегенмен, олардың тиісті аумақта тұратындығы расталғаннан кейін оларға өздерінің сайлауға қатысуға конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.

"Дауыс беру күні қарсаңындағы кезеңде тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу, сондай-ақ қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн жариялау шарттарының жекелеген бұзушылықтары тіркелген, олар бойынша алдын алу сипатындағы шаралар қолданылды", - дейді прокуратурадағылар.

Осылайша, биыл 30 наурызда Алматы қаласының прокуратурасы Facebook-тегі өздерінің парақшаларында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікір айтуға жол берген екі азаматқа заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады. Сайлау заңнамасының бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік немесе қылмыстық істер қозғалған жоқ.

"Бүкіл электоралдық кезеңде Қазақстан Республикасының соттарына сайлау процесіне қатысты 7 арыз түсті, олардың біреуі кері қайтарылды, үшеуі бойынша қабылдаудан бас тартылды, бір арыз қайтарылды, біреуі қараусыз қалдырылды және бір шағым бойынша әкімшілік өндіріс тоқтатылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сонымен қатар, Бас прокуратура салыстыру үшін мынадай статистиканы келтірді: "Алдыңғы президенттік сайлау барысында (2011 жылғы сәуір) прокуратура органдарында 87 өтініш қаралды, анықталған бұзушылықтар бойынша 16 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғалды, 2012 жылғы қаңтарда өткен парламенттік сайлау барысында прокуратураға 536 арыз түсті, 76 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 45 әкімшілік іс қозғалды".

Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында 97,7 пайыз дауыс жинады.

Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.07  course up  543.61  course up  5.22  course up

 

Ауа райы

2°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю