Атырау облысында 405 келі сазанды заңсыз аулаған үш браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында 405 келі сазанды заңсыз аулаған үш браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бекіре - 2015" балық қорғау акциясы аясында Қазақстан Республикасы АШМ Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген рейдтік шаралар барысында Каспий теңізі жағалауында екі қайық мінген 3 адамды тоқтатты. Олардың Жылыой ауданының тұрғандары екені кейін белгілі болды. Қайықты тексеру кезінде жалпы салмағы 405 келіні құрайтын сазан балығы мен 2 ау табылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша, аталған дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында Қазақстан - Ресей шекарасынан браконьерлер аулаған 50 келі бекіре тұқымдас балық табылғаны хабарланған болатын. "Шекара қызметінің еліміздің батысындағы "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты "Ганюшкино" заставасының наряды қызмет барысында Аяпберген ауылының маңайынан, мемлекеттік шекарадан 8 шақырым қашықтықта мұз бетінде нөмірсіз тұрған "ИЖ" мотоциклін тапты. Мотоциклді тексеру кезінде одан бекіре тұқымдас балық салынған 2 қапшық балық табылды, салмағын өлшеп жібергенде 50 килограмға жетіп жығылды", - делінген Шекара қызметі таратқан хабарламада. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.