Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісі кезінде Непалда болған 15 қазақстандық азаматпен байланыс орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісі кезінде Непалда болған 15 қазақстандық азаматпен байланыс орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы ақпарат бойынша, қазір Непалдағы 15 Қазақстан азаматымен байланыс орнады. О.Тропынина мен А. Махамбетовты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің арнайы уәкілі Алтай Абибуллаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін 11 қазақстандықпен байланыс орнатылғаны хабарланған болатын. Оларға эвакуация штабы ұйымдастырылған Катманду қаласындағы РФ мәдени орталығына бару ұсынылды. Эвакуацияланған азаматтар Үндістанға келгенде, ҚР Елшілігі оларды Нью-Делиден Алматы бағытымен елге жіберуге көмектеседі.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді. Сонымен қатар, 26 сәуірде елде тағы жер сілкінісі қайталанып, оның магнитудасы 6,7-ге тең болды. Соңғы мәлеметтер бойынша, Непалда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 4138 адамға жетті. 6,5 мыңнан астам адам жарақат алды.