27 сәуір 2015 16:02

Непалдағы бес қазақстандықтың тағдыры белгісіз қалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Непалдағы бес қазақстандықтың тағдыры белгісіз қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.


Непалдағы бес қазақстандықтың тағдыры белгісіз қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап.

"Непал және Ресей елдеріндегі әріптестерімізбен өзара әрекеттестікте Непалда жер сілкінісі кезінде болуы мүмкін делінген мына азаматтармен қарым-қатынас орнатуға және олардың қайда екенін анықтау үшін барлық күш жұмсалып жатыр: Ольга Тропынина, Айбек Махамбетов, Айдан Қайыпов әйелі Марина Касенко және Елена Шерпа", - деп мәлімдеді Әбибуллаев.

"Қазақстанның Үндістандағы елшілігіндегі мекен-жайына азаматтардан Непалдағы туыстарымен және жақындарымен байланыс орнатуға көмек көрсетуге көмек беру туралы өтініштер келіп түсіп жатыр. Алапат жер сілкінісі негізгі байланыс жолдарын бұзды, сондықтан да өз бетімен байланысқа түсе алмай жатқан Қазақстан азаматтарымен жедел байланыс орнату мүмкін болмай отыр", - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Соңғы мәліметке қарағанда 11 қазақстандықпен байланыс орнатылды: Светлана Кузина мен оның 4 баласы, Иван Колежников, Расул Файлазиев, Жанна Әбзалдықова және оның екі баласы, Сергей Бебородов. "Непалдағы қазақстандықтардың саны әртүрлі болуы мүмкін екенін жасырмаймыз. Олардың өзге мемлекеттерге кетіп қалуы да мүмкін екенін айтамыз", - деді Әбибуллаев.

Айта кетейік, Қазақстан мен Непалдың арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған, бірақ ҚР СІМ мәліметінше, Непал тарапынан Қазақстанға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Непалдағы консулдық есепте Қазақстан азаматтары жоқ. ҚР азаматтарының бұл елге кіруі, шығуы және мекендеуі Қазақстан тарапына айтылмайды.

"Сәйкесінше, Непалдан ҚР азаматтарын ресейлік ТЖМ арқылы әкелу үшін Ресей тарапымен келісіліп жатыр және біздің барлық азаматтарымызға Ресей федерациясының Катмандудағы мәдениет орталығына баруы кеңес етілді, онда эвакуация бойынша сәйкес штаб құрылды. ҚР азаматтары Үндістанға келгеннен кейін, оларға Нью-Делиде ҚР елшілігі көмек көрсетеді және оларды Нью-Делиден Алматыға жеткізуге қолғабыс етеді", - деді Әбибуллаев.

Осыған дейін Непалдағы алапат жер сілкінісінен кейін бір қазақстандықтың жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Ананта" туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимова гид Елена Шерпаның мәскеулік екі танысы Юлия Вечернинамен және Андрей Корыгинмен тауға кеткенін айтты. Әзірше олармен байланысқа түсу мүмкін болмай отыр.

Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 3218 адамға жеткені хабарланды. Еске салайық, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети