29 сәуір 2015 | 13:45

Облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың Қазақстан Президентіне бағынышты және есеп беруге міндетті басшылары қызметін босатты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың Қазақстан Президентіне бағынышты және есеп беруге міндетті басшылары қызметін босатты.

Мемлекет басшысы "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстан Президенті Алматы және Астана қалаларының, сонымен қатар облыс әкімдерінің өз міндеттерін жаңа әкімдердің тағайындалғанынша атқаруды қаулы етті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы" жарлыққа да қол қойды. 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын, - делінген құжат мәтінде.

Екі жарлық та қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгін Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант беріп, жаңа президенттік мерзімге ресми түрде кірісті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды.

Тәртіп бойынша, ел Президенті жаңа президенттік мерзімге тағайындалғаннан кейін республиканың министрлер кабинеті автоматты түрде отставкаға кетеді. Қазақстан Конституциясына сәйкес, Президент Парламент Мәжілісі ұсынған саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін республиканың премьер-министрінің кандидатурасына келісім беруді төменгі палатаға қарауына жібереді, Мәжілістің келісімінен кейін премьер-министр қызметіне тағайындалады.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 520.88  course up  542.82  course up  5.27  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro