29 сәуір 2015 13:11

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет үйі. © Тұрар Қазанғапов Үкімет үйі. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.


Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын", - делінген бүгін Елбасы қойған құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, министрлер кабинетінің мүшелері қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған өкілеттікті доғару туралы жазбаша өтінішке қол қойды.

Еске сала кетейік, Үкіметтің қазіргі құрамы 2014 жылы сәуірде құрылған болатын. 2014 жылы 2 сәуірде Кәрім Мәсімов еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды. Бүгін ол министрлер кабинетімен отырыс өткізді.

Тәртіп бойынша, ел Президенті жаңа президенттік мерзімге тағайындалғаннан кейін республиканың министрлер кабинеті автоматты түрде отставкаға кетеді. Қазақстан Конституциясына сәйкес, Президент Парламент Мәжілісі ұсынған саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін республиканың премьер-министрінің кандидатурасына келісім беруді төменгі палатаға қарауына жібереді, Мәжілістің келісімінен кейін премьер-министр қызметіне тағайындалады.

Еске сала кетейік, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы сайлаушылардың көптігімен ерекшеленді. Ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 95 пайызынан астамы дауыс берді. ҚР ОСК нақты мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,75 пайыз дауыс берілді. Дауыс берушілердің дауысы келесідей болды: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына 57 718 дауыс немесе 0,64 пайыз, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 8 миллион 833 мың 250 немесе 97,75 пайыз дауыс, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына 145 мың немесе 1,61 пайыз дауыс берілді.

29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Биыл Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретінде осымен бесінші рет Ант берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети